Мектебім — мейірім мекені! Білім күні мерекесі тойланып жатыр.
МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ
Бүгін еліміз бойынша барлық білім ордаларында жаңа оқу жылы басталып, Білім күні мерекесі тойланып жатыр.
Білім күні біздер үшін ғана емес барша әлем үшін айтулы күн. Себебі кез келген елдің болашағы, тәуелсіздігінің тірегі және өзге елмен терезесінің тең болуы білімді жастармен тікелей байланысты.
№207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде де айтулы мерекеге орай «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты шараға аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы К. Есенбаев, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Б. Шәкіртаев, аудандық Білім бөлімінің бас маманы Т. Бөпежанов және аудандық Полиция бөлімінің ардагері Е. Бекпембетовтер арнайы қонақ ретінде қатысып, өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді.
Оқу — білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек, деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, білімнің орны ерекше!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Баршаларыңызды білім күнімен құттықтаймыз! Оқуларыңызға сәттілік, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!





